Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-sad9.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Уралбаева Асыл Ержанқызы 1969 жылы 3 наурызда Қостанай облысы, Урицкий ауылында дүниеге келген. Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған. 1984 жылы Қостанай педагогикалық училищесіне мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығына түсіп, 1988 жылы бітірді. 1994 - 1999 жылдары - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша оқып шықты. 1999 жылы Республикалық көшбасшылық және ғылыми - педагогикалық кадрларды оқыту жүйесі біліктілігін арттыру институтына оқуға түсіп, 2000 жылы аталған институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша толық курсын аяқтады.

Ұстаздық еңбек жолын 1988 жылы Урицкий қалалық елді мекендегі балабақшада тәрбиеші қызметінен бастаған. 1992 жылы Қараоба орта мектебінің тәрбиелеу ісі жөніндегі меңгерушісі болып тағайындалды. 1998 жылы Қостанай қаласының №6 орта мектебінің оқыту - тәрбиелеу ісі жөніндегі меңгерушісі. 2005 жылы Қостанай қаласындағы №5 мектеп-балабақшаның директоры болып тағайындалды. 2009 жылдан 13.10.2021 жылға дейін Қостанай қаласының «№13 бөбекжай бақшасы» МКҚК директоры.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 13.10.2021 жылғы №611 бұйрығы негізінде. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №9 бекжай - бақшасы» МКҚК (конкурстық негізінде) директоры болып тағайындалды.

Бірінші біліктілік санаты білім беру ұйымының басшысы.

  • Біліктілікті арттыру бойынша өткен курстары: Start академиялық орталығы «Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» 2019 ж.;
  • Start академиялық орталығы «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін дамыту» 2020 ж.;
  • Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Қостанай қаласы бойынша педагогикалық шеберлiк орталығы филиалының мектепке дейiнгi ұйымдар басшыларының бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламасы бойынша курстары 2021 жылы.

2012 - 2016 жылдар аралығында қоғамдық жұмыстармен айналысқан. Уралбаева Асыл Ержановна V шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаты болды. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2004 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

2015 жылы облыстық «Біздің директор ең үздік» байқауының «Директор - жаңашыл» номинациясы бойынша жеңімпазы, 2016 жылы Қостанай қаласы мәслихатының Құрмет грамотасымен, Қостанай қаласы «Телевизиялық жыл адамы-2016» статуэткасымен марапатталды. Облыстық байқаудың «Балаларға берілген жүрек» номинациясы бойынша жеңімпазы, «Заманауи балабақша - 2017» республикалық педагогикалық жобалар байқауы «Заманауи балабақшаның үздік жетекшісі 2017» номинациясының иегері.

2017 жылы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2021 жылы қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2022 жылы «Жанашыр бол» қоғамдық қорының Алғыс хатымен, қала әкімі орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталды

2021 - 2022 оқу жылында КМҚК «№9 бөбекжай - бақшасы» Қостанай қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар рейтингінде 1 жүлделі орынға ие болды.