Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-sad9.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің №9 бөбекжайы» КМҚК 2022 жылғы 01 шілдеден 2022 жылғы 14 шілде аралығында осы Қағидалардың тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес  құжаттарды ұсынған, логопедтің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, логопедтің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізеді.

  1. Негізгі талаптар:
    1. білімі - кәсіби техникалық, жоғары;
    2. жұмыс өтілі - маңызды емес;
    3. сағаттар саны – 1,0 ставка;
    4. жоғары білім болуда жалақы 91316 теңге, техникалық кәсіптік білім болуда жалақы 77158 теңге;
    5. өтілу орны - № 9 бөбекжайы;
    6. электрондық мекенжай – Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;
    7. пошталық мекенжай – 110000, Қостанай қ., Гоголь көшесі, 91;
    8. телефоны – 8-7142-509596
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
    1. осы Қағидаларға 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
    2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
    4. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
    7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9. ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    10. педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.