Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-sad9.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен танысу мақсатында МДҰ-да "№9-бөбекжайы" КМҚКде 19 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру "тақырыбында дөңгелек үстел өтті Дөңгелек үстел жұмысын МДҰ-ның меңгерушісі Уралбаева Асыл Ержанқызы ашып, аталған іс-шараның мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер қаралды:
 - Мектепке дейінгі балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау.
МДҰ қызметкерлерінің педагогикалық этиканы сақтауы.
 - «Сыбайлас жемқорлық жағдайына түспеу »

Бірінші мәселе бойынша М.А. Шыңғысова балалардың құқықтары мен олардың МДҰ-дағы қауіпсіздігі туралы еске салды. Екінші мәселе бойынша И.В. Евмушкова МДҰ қызметкерлерінің педагогикалық этиканы сақтауының маңыздылығы туралы айтып берді.
Үшінші мәселе бойынша педагог Г.М.Чумак «Сыбайлас жемқорлық жағдайына түспеу бойынша» атты баяндамасын тыңдадық.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына жадынамалар таратылдыСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.

 Дөңгелек үстел барысында мынадай ұсыныстар қабылданды:
1. Құқық қорғау және мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігі бойынша
шаралар қабылдау.
2. Педагогикалық этиканы сақтау.
3. МДҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыру.
4. Ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
5. «9-бөбекжай» КМҚК қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін қабылдамауға ықпал ету.