Кіру
AA+

«Әжелер мектебі» барлық жас топтарының тәрбиеленушілерінің әжелеріне өз есігін айқара ашты. Жылы да жайлы ортада өткен бұл кездесуде әжелер өздері туралы, немерелермен өткізетін сүйікті сәттері, отбасы дәстүрлері мен ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибелері жайында әңгімелеп берді.

Әжелер бала тәрбиесіндегі даналыққа толы кеңестерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасып, түрлі тұрмыстық және тәрбиелік жағдайларды талқылады. Барлық тапсырмалар ойын форматында өтіп, көңілді әрі өте мазмұнды болды.

Қатысушылар бірге ойнап, сұрақтарға жауап беріп, өмірлік тәжірибеге негізделген жағдайлар бойынша өз ой-пікірлерін айтты. Кездесу жылулық пен мейірімге толы болып, әжелердің бір-бірімен жақындасып, ортақ құндылықтарды бөлісуіне мүмкіндік берді. «Әжелер мектебі» - ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, отбасы тәрбиесінің мәнін арттырған тамаша басқосу болды.