Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-sad9.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады. Бұл дәстүр қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ, өте ертеде пайда болған. Бізде игі дәстүрді жалғастырып балабақшамыздың көмекке зәру бір бүлдіршінін қуантып қайттық. Қызымызға жеміс толы себет және ең керекті деген азық түлікпен сый жасадық. Бұл қазақ¬тың мәрттігін ғана емес, бауырмалдығын, көпшілдігін білдіреді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі соның бір айғағы.Бұндай сауапты істерді біліп, естіп отырғанымыз дұрыс-ақ! Сол арқылы болашақта салт-дәстүрімізді ұмытпау үшін, осындай ауыз толтырып айтарлықтай, жан жадыратар істерді ұлықтап, дәріптеп жүргеніміз абзал!