«Адал азамат» бағдарламасы негізінде «Аналар мектебі» аясында «Ұлттық
әшекейлер – ұлт мақтанышы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға тәрбиеленушілеріміз бен аналары арнайы қонақ ретінде қатысып,
бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалады.
Қазақ халқының ұлттық әшекейлері – халқымыздың бай мәдениеті мен асыл
мұрасының көрінісі. Шашбау, шекелік, сақина, сырға секілді ұлттық
әшекейлердің әрқайсысының өзіндік тарихы мен мән-мағынасы бар.
Аналар мектебінің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық
құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу, үлкенді сыйлауға,
әсемдік пен сұлулықты бағалауға тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие – ұрпаққа аманат, ана өнегесі – тәрбие бастауы!
Музыка жетекшісі: Қырмызы Меңдібайқызы
