Жазғы демалыс – әрбір мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ерекше уақыт, ол баланың денсаулығы мен қабілетінің дамуы үшін, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалы болуы керек.Бұл ұлдар мен қыздар үшін жаңа жағымды тәжірибиелер мен жаңа білім,дағдыларды алудың ең жақсы уақыты. Мектепалды топтардың балалары көңілді достық уақыттарын өткізуде!Жақында балалар қаламыздағы әртүрлі мектептерге барып,жаңа достар табатын күн туады,бірақ қазір олар қолөнермен айналысып,дизайн жасап,сурет салып,би билеп өзін-өзі шыңдап, «Мектеп» деп аталатын жаңа деңгейге қадам басуға күш жинауда.