Кіру
AA+

Біздің балабақшамызда «Мемлекеттік қызмет - болашақтың бейнесі» атты балалар суреттерінің шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Біз тәрбиеленушілеріміз бен олардың ата-аналарынан көптеген таңғажайып жұмыстар қабылдадық! Бұл байқау балаларға маңызды мамандықтар туралы көбірек білуге көмектессе, үлкендерге өздерінің жауапты жұмыстарына бүлдіршіндердің көзімен қарауға мүмкіндік берді.Байқаудың барлық қатысушылары құрмет
грамоталарымен марапатталды. Белсенді қолдау көрсетіп, балалармен бірге шығармашылықпен айналысқаны үшін барлық бүлдіршіндер мен ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз.