Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-sad9.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру,қазақтың ұлттық ойындары арқылы адамгершілікке, салт-дәстүрге тәрбиелеу.

Біздің бүлдіршіндерімізде алғашқы Наурыз мерекесі  болды. Біз  қызықты ұлттық ойындар Наурыз мерекесінде ойналатын ойнадық.

Гүлдер жинау ойыны.

Мақсаты: Өлеңің тоқталғанға шейін балалар гүлдермен билейді,өлең тоқталған сон гүлдерді бір - бірлеп жинайды. Ептілікке, икемділікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қыз қуу ойыны:

Мақсаты: Ұлдар атқа отырып музыка әуенімен шабады, қыздар орамалмен билеп тұрады. Өлең аяқталған соң, ұлдар қыздардан орамалды алу қажет. Кім бірінші жетеді сол жеңімпаз атанады.

«Арқан тарту» ойыны ертеден белгілі халық арасында кең тараған ойынның бірі.
Қара күшке бейімі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Қазіргі таңда бала - бақшада кеңінен қолданалыды, қимылды ойындардың қатарына жатады.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балаларды қазақтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Қорытынды: Балалар салт дәстүрімізді ұстана отырып, ұлттық ойындарды наурыз мерекесінде ойнады. Балалар қызығушылықпен Наурыз мерекесін қарсы алды. Балалар кішкентай болғанымен, ойынның шартын түсінді, жақсы көңіл күймен Наурыз мерекесін қарсы алды.